×

Тәжікстан әскері Қазақстанға келді

Олардың не үшін келгені белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 29.09.2024 | 17:04
фото: Қорғаныс министрлігі

Кеше түнде Алматы халықаралық әуежайының әскери секторына Тәжікстанның Ұлттық әскери контингенті келді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бітімгерлер ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің «Мызғымас бауырластық-2024» бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуына қатысады.

Тәжікстан әскери қызметшілері біздің ел аумағына Душанбеден Қазақстан Қарулы күштері әскери-көліктік авиациясының ұшақтарымен жеткізілді, – деп қосты ведомство.

Олар бірден жаттығу өтетін «Берег» полигонына марш жасап жетті. Онда 1 қазанда оқу-жаттығудың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама