Halyq Uni логотип
×

Елордада тағы бір жарылыс бола жаздады

Кеше жарылыс тіркелген еді

 Қымбат Елтайқызы 29.09.2024 | 14:40
Елордада тағы бір жарылыс бола жаздады
фото: ТЖМ

Астаналық өрт сөндірушілер газ баллоны жарылысының алдын алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, бүгін Сарыарқа ауданы Өркен көшесі бойында жеке тұрғын үй аумағындағы шаруашылық ғимаратта өрт болды.

ТЖМ күштері қауіпсіз жерге көлемі 27 литр болатын 3 тұрмыстық газ баллонын шығарды, – деп қосты ведомство.

16 шаршы метр алаңдағы от сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Жалынның себебі анықталып жатыр.

Кеше бас қалада газ баллоны жарылып, ғимарат қирап, бірнеше адам ауруханаға түскен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама