×

Жетісу облысында автобус аударылып, бір адам мерт болды

Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті

 Халық үні 12.06.2022 | 15:51
Фото: ашық дереккөздерден

Зайсан-Алматы бағытында келе жатқан жолаушылар автобусы аударылып, бір адам мерт болды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік апаты Алматы-Өскемен тас жолының 396-шақырымында болған.

«Маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Ақсу ауданы Тарас ауылының маңында жолаушылар автобусы аударылды. Алдын ала болжам бойынша, «Setra» автобусының 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған. Көлік Зайсан қаласынан Алматыға қарай келе жатқан. Оқиға орнында 66 жастағы әйел мерт болды, тағы үш адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Жарақат алғандардың ішінде 7 жастағы қыз бала бар», - делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір аталған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚК 345-бабы 3-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған.


 

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

COVID-19 жұқтырғандардың саны тағы өсті

1500-ден аса қазақстандық аурудан емделіп жатыр
08.02.2023 | 09:05

Президент Үкіметке Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 млн доллар бөлуді тапсырды

Соңғы мәліметке қарағанда, бүгін түнде Анадолы елінде тағы 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 08:55

Түркиядағы жер сілкінісінен волейболшы ерлі-зайыпты қайтыс болды

Түркияның Кахраманмараш қаласындағы жер сілкінісі салдарынан волейболшы Бетюль Чобан Чакыр мен оның жолдасы Бедреддин Чакыр қаза тапты
08.02.2023 | 08:40

Түркияда тағы да жер сілкінісі болды: соңғы мәліметтер жарияланды

Бүгін жергілікті уақытпен түнгі сағат 03:22 Түркияда тағы да 4 балдық жер сілкінісі болды
08.02.2023 | 07:50