Түркістанда жердің құнарлы қабатын сыдырып алу фактісі анықталды
Тағы бір заңбұзушылық тіркелді
Түркістан облысында жердің құнарлы қабатын сыдырып алу фактісі анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген жер учаскесінің пайдалануына қатысты тексеру жүргізді, деп мәлімдеді Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатына сай пайдаланылмағаны белгілі болды. Департамент берген заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы Серіктестік мерзімінде орындамады, – деп қосты ведомство.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Серіктестікке тиесілі көлемі 29,0 гектар жер учаскесі мемлекет мемлекет меншігіне қайтарылды.