×

Қажымұқан туралы фильмнің көрсетілімі басталады

Жуырда жаңа кинотуынды назарға ұсынылады

 Қымбат Елтайқызы 28.09.2024 | 12:11
фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жақында Qajymuqan киносы көрерменге жол тартады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 10 қазаннан бастап Qajymuqan туындысы еліміздің барлық кинотеатрында көрсетілімін бастайды.

Режиссер Қанағат Мұстафин тарихи фильм сценарийіне 2012 жылы кірісіп, тақырыпты 10 жылдан астам уақыт бойы зерттеген. Түсірілімі 2020 жылы басталған кинотуынды алдағы айда көрермен назарына ұсынылады, – деп қосты ведомство.

Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Қажымұқан Мұңайтпасов – француз күресінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ, әлемдік, өңірлік, ресейлік, кейін Бүкілодақтық супер ауыр салмақтағы классикалық күрес чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы.

Режиссердің айтуынша, Қажымұқан өзінің мықтылығын өз заманының ең жақсы балуандарын жеңіп дәлелдеген. Ол – Парижде, Лондонда, Берлинде, Стамбулда, Буэнос-Айрес пен Чикагода қошеметке бөленген алғашқы қазақ спортшысы. Фильмнің мақсаты – Қажымұқанның өмірімен өскелең ұрпақты таныстыру, оның жетістіктерін ұлықтау әрі үлгі алу.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама