Бірнеше төтенше жағдай тіркелді
Өрт сөндірушілер өткен тәулікте 5 автокөліктің өртін сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, олар Ақмола, Ақтөбе, Атырау мен Павлодар облыстарында болған.
ТЖМ күштері 2 жеңіл автомобиль, 1 жүк көлігі, 1 бульдозер және 1 тіркеменің жануын сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
Мамандар азаматтардан автокөліктегі от қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.