Halyq Uni логотип
×

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды

Айыппұлдың жалпы сомасы – 3 миллион 378 мың теңге

 Динара Амантай 27.09.2024 | 18:04
Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: polisia.kz

Ақтөбеде 119 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Полиция қызметкерлері арнайы бағдарламалық кешеннің көмегімен 3 миллион теңге қарызы бар шетел мемлекетінде есепте тұрған Lexus автокөлігін анықтады. «Қорғау» жүйесі арқылы анықталған азамат жол қозғалысы ережелерін тамыздың ортасынан бастап 119 рет бұзған.

Жол ережесін бұзушы Ақтөбе қаласының 35 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Ол жылдамдық режимін асырған. Айыппұлдың жалпы сомасы – 3 миллион 378 мың теңге. Қазір көлік арнайы автотұраққа қойылды, – делінген полиция хабарламасында.

Жыл басынан бері камералардың көмегімен жылдамдық режимін асырудың 77 мыңнан астам фактісі тіркелді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама