Терезеден қоқыс лақтырған қазақстандық жауапқа тартылды

Дәурен Ерболат

Полиция тұрғындардан тазалық сақтауды сұрайды

Фото: Halyq Uni

Павлодарда терезеден қоқыс лақтырған тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық ПД мәліметінше, оқиға Қатаев көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Тұрғын көршісі үйдің төртінші қабатынан қоқыс салынған пакетті лақтырып жібергенін айтып, полицияға арызданған.

Пәтер иесі тәртіп сақшыларына балконды жинап жатып, абайсызда қоқыс сыртқа құлап кеткенін айтқан. Ол оны жинамақшы болған, алайда бұл туралы ұмытып кеткен, - деп жазылған хабарламада.

Полиция заң бұзған адаммен сөйлесіп, оның үстініне әкімшілік хаттама толтырды. Оған 20 АЕК (73 840 теңге, 1 АЕК – 3 692 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетейік, жыл басынан бері Павлодар облысында абаттандыру ережесін бұзған 5 мыңнан астам тұрғын жауапқа тартылды.