Полиция туристік жолдамаларды рәсімдеу кезінде сақ болуға кеңес береді

Дәурен Ерболат

Тәртіп сақшылары істі тергеп жатыр

Фото: Halyq Uni

Полиция қазақстандықтарды әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдаманы рәсімдемеуге кеңес береді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД азаматтардан бейтаныс адамдарға ақша жібермеуді, әлеуметтік желілер арқылы туристік жолдаманы рәсімдемеуге шақырады.

Полицейлер интернет арқылы мәміле жасағанда қырағы болу керек деген пікірде.

Биыл 24 қыркүйекте Сандықтау ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын алаяқтық фактісі бойынша арызданды. Ақмолалық турагенттіктің қызметіне жүгінген. Компанияның жарнамасын Instagram-нан тапқан. Ауыл тұрғыны көрсетілген нөмір бойынша менеджерге хабарласып, ақшасын төлеп, жолдаманы онлайн сатып алған. Келген шығын – 753 мың теңге, – деп жазылған хабарламада.

Қолма-қол ақшаны аударғаннан кейін туристік компания қызметкерлері жәбірленушінің нөмірін бұғаттап тастаған.

Полиция бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.