×

ІІМ қару мен діни экстремизмнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін - Смайылов

Премьер үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысында бірқатар тапсырма берді

 Халық үні 12.01.2022 | 11:00
коллаж: halyq-uni.kz

Әр салада тапсырма берген Әлихан Смайылов қазіргі елдегі ахуалға байланысты қауіпсіздікке аса мән берді.

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды жақсарту мәселесін белгіленген тәртіппен пысықтасын, қару айналымы мен діни экстремизмнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін», - деді премьер-министр.

Бұған дейін үкімет басшысы «халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді» деген болатын. Сондай-ақ ауруханалар мен жедел жәрдем лаңкестердің шабуылына ұшырағанын айтып, дәрігерлерге алғыс айтқан еді.

Орайлы сәтті пайдаланып, барлық медицина қызметкеріне шынайы алғысымды айтқым келеді. Ел үшін сын сағатта олар зардап шеккендер мен жараланғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. Медиктер, ауруханалар мен жедел жәрдем машиналары лаңкестердің шабуылына да ұшырады. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерге еңбектеріңіз бен батылдық танытқандарыңыз үшін, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге әзірліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!, - деді Смайылов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Қаржы пирамидасына қай өңір тұрғындарының жиі алданатыны айтылды

Онда 12 қаржы пирамидасынан 20 мыңнан аса адам зардап шеккен
30.03.2023 | 16:23

Алматы облысында 8 жасар ұлды зорлаған жасөспірімдер ұсталды

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
30.03.2023 | 16:00

«Нұрбанк», Halyk Bank... Қазақстандық 6 қаржы ұйымы мемлекеттен көмек алған

Олардың балансындағы проблемалық активтер мен өте үлкен шығындар деңгейі анықталды
30.03.2023 | 15:30

Қарағандыда моншадан өрт шықты

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
30.03.2023 | 15:20