ІІМ қару мен діни экстремизмнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін - Смайылов
Премьер үкіметтің жаңа құрамының алғашқы отырысында бірқатар тапсырма берді
Әр салада тапсырма берген Әлихан Смайылов қазіргі елдегі ахуалға байланысты қауіпсіздікке аса мән берді.
Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, полиция қызметкерлерін құқықтық қорғауды жақсарту мәселесін белгіленген тәртіппен пысықтасын, қару айналымы мен діни экстремизмнің таралуына қарсы бақылауды күшейтсін», - деді премьер-министр.
Бұған дейін үкімет басшысы «халық біздің жұмысымыздан нақты нәтиже күтеді» деген болатын. Сондай-ақ ауруханалар мен жедел жәрдем лаңкестердің шабуылына ұшырағанын айтып, дәрігерлерге алғыс айтқан еді.
Орайлы сәтті пайдаланып, барлық медицина қызметкеріне шынайы алғысымды айтқым келеді. Ел үшін сын сағатта олар зардап шеккендер мен жараланғандарға тәулік бойы көмек көрсетіп жатыр. Медиктер, ауруханалар мен жедел жәрдем машиналары лаңкестердің шабуылына да ұшырады. Құрметті медицина қызметкерлері, сіздерге еңбектеріңіз бен батылдық танытқандарыңыз үшін, кез келген жағдайда халыққа көмек көрсетуге әзірліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!, - деді Смайылов.