Елімізде кен орындарын ашық игеру үшін технологиялық шешім әзірленді

Қымбат Елтайқызы

Ғылым мен өнеркәсіп саласында тағы бір жаңалық ашылды

фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қазақстанда кен орындарын ашық игеру үшін технологиялық шешім әзірленді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті ғалымдары мен ERG сарапшылары тау-кен жұмыстарын қарқындатудың жаңа әдісін әзірлеу үшін бірікті. Жоба Ғылым қорының технологияларын коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру шеңберінде іске асырылып жатыр, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Қопсыған аршу жыныстарының қуаты үлкен кен орындарын ашық игеру кезінде экскаваторлық-автомобильдік кешендерді пайдаланып, тау-кен жұмыстарын интенсивтендірудің инновациялық әдісін енгізу оларды әр тік еңісті қабаттың шекарасында жоғары кемерлермен жоғарыдан төмен қарай көлденең панельдермен қауіпсіз өндіру есебінен жүргізіледі. Бұл инвестициялардың өтелу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, – деп қосты ведомство.

Жаңа технология терең карьерлердің тар жағдайында ені әртүрлі автосамосвалдардың өтуін қамтамасыз етеді. Сатып алынған сынаманы дайындаудың арнайы жабдығы мен сервогидравликалық жүйе ISRM стандарты бойынша бір осьті қысу мен созуға беріктік шегін анықтауға мүмкіндік береді. Аударылмалы скиптің жобалық өнімділігін төмендетпей, тау-кен массасын үлкен тереңдіктен көтерудің энергия үнемдейтін таза технологиясы бойынша халықаралық патенттер алуға екі өтінім берілді.