Алматыда Қарттар айлығы өтеді

Қымбат Елтайқызы

Қалада қарияларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылады

фото: Алматы әкімдігі

Биылғы 1-30 қазан аралығында мегаполисте Халықаралық қарттар күніне орайластырылған айлық өткізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жергілікті әкімдік мәліметінше, шаралардың мақсаты – аға буын өкілдерінің белсенділігі мен талантын паш ету және олардың қоғамға қосқан үлесінің маңыздылығына назар аудару.

Аталған айлық аясында шаһардың «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» зейнеткерлерінің қатысуымен өтетін іс-шаралар тізімі белгілі болды. Атап айтсақ:

  • 1 қазан күні сағат 11.00-де – Тұңғыш Президент саябағындағы скандинавиялық серуендеу фестивалі: флешмоб, көрсетілімдер әрі шығармашылық нөмірлер;
  • 1-4 қазан күндері аралығында – Тарихи музейдегі қариялардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі;
  • 4 қазан күні сағат 11.00-де – Ават ауылындағы «Астық мерекесі»: концерт, марапаттау мен «Табиғат сыйы» көрмесі;
  • 10 қазан күні сағат 14.00-де – Қазақконцерттегі «Асыл қазынам» ұзақ өмір сүру фестивалі: концерттер, флешмоб, дефиле және шеберлік дәрістері;
  • 18 қазан күні сағат 11.00-де – Атакенттегі аға буын өкілдерінің қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі;
  • 30 қазан күні сағат 14.00-де – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Менің жылдарым – менің байлығым» ұзақ өмір сүру балы: билер, дефиле әрі сән көрсетілімі.

Бір ай бойы зейнеткерлерді концерттер, кездесулер, экскурсиялар, театрлар, музейлер мен заңгерлік кеңестер, «60+ кәсіби бағдар» семинарлары және басқа да көптеген қызықты әрі пайдалы шара күтіп тұр.