Алматыда әйел жүріп бара жатқан көліктен секіріп түспек болды (ВИДЕО)

Халық үні

Оны күйеуі көліктің ішінде ұрып-соққан

фото: Halyq Uni

Желіде Алматы көшелерінің бірінде әйелдің жүріп бара жатқан көліктен секіріп түспек болған видеосы тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кейін белгілі болғандай, әйелді күйеуі көліктің ішінде ұрып-соққан.

Кадрдан бірнеше ер адамның әйелін ұрып жатқан күйеуін тоқтатуға тырысқанын көруге болады. Алайда ер адам көліктің есігін жауып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Әйелін өлтіре жаздады, – дейді куәгерлер.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік беріп, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұған дейін полицияға бұл ерлі-зайыптылардан шағым түспеген, – деп мәлімдеді департамент өкілдері.