Қаңқалар бірнеше жыл бойы жерде жатқан
Балқаштағы магистральдық желілерге жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жұмысшылар 3 адамның сүйегін тапты. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Балқашта жұмысшылар магистральдық желілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жантүршігерлік көрініске тап болған. Олар Әлімжанов пен Калмыков көшелерінің қиылысынан 3 адамның сүйегін тапқан. Айтуларынша, қаңқалар құбырлардың ішіне салынған.
Жұмысшылар оқиға орнына полиция шақырған. Сарапшылардың айтуынша, қаңқалар бірнеше жыл бойы жерде жатқан. Сүйектер сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Оқиға орнын тексеру барысында адам қаңқалары алынды. Еті жоқ. Тек сүйектер табылды. Сол күні қазба жұмыстары кезінде сол жерде тағы екі адамның сүйегі табылды. Біз медициналық сарапшыны оқиға орнына шақырдық. Қазір адам қаңқаларын табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот сараптамасы тағайындалды, - деді Балқаш қаласы полиция бөлімінің бастығы Айткен Қадрин.