Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында Үндістан азаматы қарт әйелді өлтіруге тапсырыс берген (ВИДЕО)

Қылмыстың себебі – 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәміле

 Халық үні 26.09.2024 | 07:25
Алматы облысында Үндістан азаматы қарт әйелді өлтіруге тапсырыс берген (ВИДЕО)
фото: Halyq Uni

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасына Үндістан азаматы Алматы облысында зейнеткерді өлтіру үшін әйелге 10 млн теңге төледі деген ақпарат шықты. Жергілікті полиция оны растады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына 51 жастағы күдіктіге қатысты жедел ақпарат түскен. Ол Алматы тұрғынына қарт әйелді өлтіру үшін 10 млн теңге ұсынған.

Қылмыстың себебі – 2011 жылы жасалған пәтерді сатып алу-сату мәміле. Тапсырыс беруші – ЖШС директоры ұсталды. Ол қамауға алынды.

Тапсырысты орындаушы зейнеткерді улайды деп жоспарланған. Полицейлер ұнтақ тәріздес зат салынған екі пакетті тәркіледі, - делінген жазбада.

Тапсырыс бойынша кісі өлтіру фактісі негізінде қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама