×

Арқалықта шу шығарған әйелге мектеп басшылығы полиция шақырды (ВИДЕО)

Ол 7-сыныпта оқитын қызын «өзіне ұнамайтын мұғалімге баруға мәжбүр» дейді

 Халық үні 25.09.2024 | 22:34
фото: видеодан скриншот

Қостанай облысының Арқалық қаласында оқушының анасы мұғалімдерге ашуланды. Айтуынша, олар ата-аналарға ескертпестен, оқушыларды екіге бөліп тастаған, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қаладағы №5 мектепте 7-сыныпта оқитын қызын «өзіне ұнамайтын мұғалімге баруға мәжбүр» деген ана мәселені шешпек болып, мектеп директоры мен оның орынбасарына барған. Алайда білім ордасына өз уәжін айтуға кірген анаға басшылық тәртіп сақшыларын шақырған.

Екі жеті бұрын қызымның сыныбын бөлген. Оны жұма күні білдім. Содан мектепке барып түсіндіргенімде, бәрін шешіп береміз деген. Бірақ ол мәселе шешілген жоқ. Жаңа хабарлассам, қисық жауап беріп тұр. Сіз ғана емес, 5-6 ата-ана келеді дейді. Біз кімбіз сонда? Ата-анаға айту керек шығар? Неге айтпай, сыныпты бөледі? - дейді ашулы әйел.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама