×

Ұлытау облысында тұтынушылардан 360-тан аса өтініш түскен

Шағымның басым бөлігі жедел желі және телеграм бот арқылы түскен

 Халық үні 25.09.2024 | 18:05
Фото: pixabay.com

Ұлытау облысында 9 ай ішінде жауапты мекемеге тұтынушылардың құқығының бұзылуына қатысты 361 өтініш түскен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен өткен брифингте Ұлытау облысында Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысы орынбасары Жасұлан Дәулетбаев айтты.

Маманның сөзінше, бұл көрсеткіш тұтынушының таңдау деңгейінің артуын білдіреді, екінші жағынан жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өскенін көрсетеді.

Түскен шағымдар үлесі мынадай:

  • Жедел желі және телеграм бот –175;
  • Жазбаша, яғни Е-өтініш порталы – 155;
  • Басшының азаматтарды қабылдауы – 31.

Қазір шағымды e-tutynyshy сайтында тіркелу арқылы немесе е-otinish.kz ақпараттық жүйесі арқылы беруге болады. E-tutynyshy сайтында кәсіпкерлік субъектілеріне қолжетімділік беріледі, шағым мен проблемалық мәселелер сипатталады және тікелей тұтынушыға жіберіледі. е-otinish.kz және Smart QR жүйесімен интеграция жүргізілді, платформаның мобильді нұсқасы іске қосылды, - деді Дәулетбаев.

Жобаның мақсаты – электрондық форматта өтініш беруді оңайлату, сондай-ақ тұтынушылардан бизнес өкілдеріне өтініштерді қабылдау, әртүрлі кезеңдерде өтініштерді шешу, салалар мен дау-дамай объектілері бөлінісінде тұтынушылардың шағымдарын қадағалау, талдамалық деректерді қалыптастыру және азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мемлекеттік органдардың проблемалық мәселелерді анықтау үшін жүйені құру.

Департамент ішкі сауда қызметін реттеу саласында, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін қадағалайтын мемлекеттік орган. Қазір облыс төңірегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақты. Бұл департаменттің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағасының өсуін тежеуді бақылау құралдарын тиімді іске асыру есебінен қамтамасыз етілді», - деді департаменті басшысының орынбасары.

2024 жылдың 9 айында департаментпен электрондық шот фактураларға талдау жүргізіліп және Ұлытау облысы әкімінің өкіміне сәйкес құрылған Ұлытау облысы бойынша азық-түлік бағаларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссия қатысушыларының қажырлы еңбегінің арқасында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарына сауда үстемесінің мөлшерін негізсіз арттырған барлығы 220 кәсіпкер «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодекстің 204-4-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына заң бұзушылықтардың басым бөлігі сүзбе, күнбағыс майы, жұмыртқа, тауық еті, қант және рожки өнімдеріне анықталған.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасында жария шарт жағдайында тауар өткізу кезінде тауарлардың баға жапсырмаларын орналастырмаған 11 жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексінің 193-бабы 4-тармағына сәйкес жауапкершілікке тартылып, қысқартылған түрінде 95 992 теңге көлемінде айыппұл өндірілген.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама