Halyq Uni логотип
×

Алматыда ірі көлемді қоқысты қайда шығаруға болады

Тұрғындарға арналған пайдалы ақпарат жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 25.09.2024 | 17:09
Алматыда ірі көлемді қоқысты қайда шығаруға болады
фото: Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімдігі тұрғын үйлердің аулаларынан ірі көлемді қоқысты қайда шығару керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қалада «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде кейбір жерде ірі көлемді қоқыстарды дұрыс тастамауға байланысты абаттандыру ережелерін бұзушыларды анықтау бойынша жұмыстар жанданды, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік. 

Қалдықтарды дұрыс пайдаланбау қоғамдық аумақтарды ластайды, қоқыс шығаратын компаниялар жұмысын күрделіндіреді және аулалардың санитарлық жағдайын бұзады. Қоқыс таситын көліктер үлкен көлемді қалдықтар мен құрылыс қоқыстарын шығара алмайды. Себебі бұл олардың престеу жабдықтарын зақымдауы әбден мүмкін, – деп қосты ведомство.

Шаһарды абаттандыру ережелеріне сәйкес, кәсіпорындар, мекемелер әрі жеке тұлғалар ірі көлемді қоқысты өз бетінше әкетуге немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен тасымалдау туралы шарт жасасуға тиіс. Жөндеу жасаған немесе ірі габаритті қалдықтарды жинаған тұрғындар қоқысты ақылы түрде шығару үшін мамандандырылған ұйымдарға жүгінуге не оны Алматы облысының Іле ауданындағы полигондарға өз бетінше апаруға тиіс (Алматы-Өскемен тас жолы, 34/1, геолокациясы) және Қарасай (с.Айтей, 144-ші есеп тоқсаны, 4690, геолокациясы).

2024-2025 жылдары санитарлық жағдайды жақсарту үшін мегаполисте 786 ескісін ауыстыру мен екі мыңнан астам жаңа тереңдетілген контейнерлерді орнату көзделіп отыр. Бұл контейнерлер қоқыс жәшіктері алып жатқан аумақтарды азайтады, жағымсыз иістердің таралуын болдырмайды әрі жануарлардың қоқысқа қол жеткізуін шектейді.

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 505-бабына сәйкес, абаттандыру ережелерін бұзғандарға 20-дан 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама