Halyq Uni логотип
×

1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

Жолаушылар вагондарының жартысына жуығы тозған

 Дәурен Ерболат 25.09.2024 | 11:02
1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды
Фото: rail-news.kz

Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға көтеріледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушыларды тасымалдау бағыты бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі көтеріледі.

Билет құнын арттыру вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бағыттар бойынша билет құны қымбаттамағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) ескеру маңызды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар. Олардың 44%-ы тозған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама