4 қазанда Алматы – Лондон бағытында тікелей рейс іске қосылады
Ұшу уақыты да 1,5 сағатқа қысқарды
4 қазаннан бастап Алматы – Лондон бағытында тікелей ұшуға болады. Бұл туралы Air Astana баспасөз қызметі хабарлады.
Әуекомпания бұл бағыттағы рейстерді 2022 жылдан бері Ақтауда аялдап орындап келген. Енді рейсті тікелей орындайтын болады.
Ұшу уақыты 1,5 сағатқа қысқарады, осылайша Лондонға 9 сағат 35 минутта жетуге мүмкіндік бар.
Air Astana Airbus-пен серіктесіп, Airbus A321LR ұшағына қосымша отын бактарын орнатты. Бұл алыс магистральді рейстерінің тиімділігін арттырады. Сондай-ақ техникалық аялдауларсыз алыс қашықтыққа қонбай ұшуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады әуекомпания.