Ақмола облысында браконьерлер ұсталды
Қазір тергеу жүріп жатыр
Ақмола облысының Жүкей көлінде заңсыз балық аулаған браконьерлер құрықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Polisia.kz мәліметінше, тәртіп сақшылары бір аптаның ішінде ұлттық саябақ аумағында браконьерліктің үшінші фактісінің алдын алды.
2024 жылдың 22 қыркүйегінде Біржан-Сал полиция бөліміне сағат 23:00 шамасында «Бурабай» МҰТП Темноборский орманшылығының Жукей көлінде заңсыз балық аулаудың кезекті фактісі анықталғаны туралы телефон хабарламасы түсті. Хабарламада Щучинск-Степняк-Уәлиханов автожолындағы орманшылық қызметкерлері Түркістан облысының 40 жастағы тұрғынының тізгіндеуімен ГАЗ 31105 автокөлігін тоқтатқаны көрсетілген, – делінген ақпаратта.
Оқиға орнына дереу жеткен жедел-тергеу тобы ер адамның көлігінің жүксалғышын тексеру барысында 4 қапшықтан тұқымды балықты, резеңке қайықты, балық аулау торларын тапты. Бұл жолы браконьерлердің олжасы 160 келіден астам балық болған.
Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.