Оқиға 24 қыркүйекте сағат 02:52-де Попов, Бальзак көшелерінің қиылысында болған
Telegram-арналардың біріне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде төбелес болды деген ақпарат жарияланды. Төбелестің болғанын Алматы қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бостандық аудандық полиция басқармасы 20 жас азаматтың қатысуымен болған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қақтығысқа қатысқандардың барлығы ұсталып, полицияға жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.
Одан кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері бұл оқиғаның оқу орнының аумағында болмағанын хабарлады.
Бостандық ауданы ПБ-ның хабарлауынша, оқиға 2024 жылғы 24 қыркүйекте сағат 02:52-де Попов, Бальзак көшелерінің қиылысында болған. Тараптар арасындағы кикілжің Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағынан тыс жерде тіркелді, - деп түсіндірді ҚазҰУ баспасөз қызметі.