Halyq Uni логотип
×

Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылық президентке баяндалады – Берік Уәли

Ішкі істер министріне пойызда Ұлттық ұлан сарбазын ұрғандарды ұстап, жауапқа тарту тапсырылды

 Халық үні 24.09.2024 | 22:20
Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылық президентке баяндалады – Берік Уәли
фото: Halyq Uni

Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Бұл туралы президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама