Диспансерлік есепте тұрған 2 мыңға жуық науқас дәрі-дәрмек алмаған
Медициналық ұйымдардың 50-ге жуық қызметкері жауапқа тартылды
Қостанай облысында диспансерлік есепте тұрған 2 мыңға жуық науқас дәрі-дәрмек алмаған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Рудный қаласында биыл әртүрлі аурумен диспансерлік есепте тұрған 1950 науқас қажетті дәрілік заттармен толық көлемде қамтамасыз етілмегені анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медициналық ұйымдардың 47 қызметкері жазаланды, ал дәрілік заттар сатып алынды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде облыс бойынша 4 657 адам қажетті дәрі-дәрмегін алды.