Астанада жылу беріле бастады
2-3 күн ішінде қаладағы барлық нысан жылуға қосылады
Астанада жылу беру маусымы басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, әкімдік 2024-2025 жылыту маусымының басталуы туралы қаулы қабылдады. 24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңімен жылу беру басталды. 2-3 күн ішінде барлық нысанды жылуға қосу жоспарланып отыр, - делінген ақпаратта.
Бұған дейін әлеуметтік нысандар – мектептер, балабақшалар, емханаларға жылу қосылған.
Айта кетейік, президент қабылдауында болған премьер-министр Олжас Бектенов ел бойынша тұрғын үйлер жылыту маусымына 98,3 пайызға дайын екенін айтты.