Су тасқыны: жаңа үйлер бүлінсе, мердігер жөндеуге міндетті

Дәурен Ерболат

Баспанаға 2 жыл кепілдік беріледі

Фото: Halyq Uni

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев су тасқынынан кейін салынған жаңа үйлер білінсе, мердігер оны жөндеуге міндетті екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Әрине, кепілдік береміз. Мысалы, тасқыннан кейін салынған шамамен 2 600 үйдің басым бөлігі – жер үй. Қазір осындай ғимаратты салған мердігер үйге кепілдік береді. 2 жылдың ішінде осы үйге бірдеңе болса, мердігер оны жөндеуге міндетті болады. Әр үйге 2 жыл кепілдік береміз, - деді Қанат Шарлапаев Үкіметтің баспасөз орталығында.

Қыркүйекте  7 393 отбасы зақымданған мүлкінің орнына жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болғаны айтылды. Оның ішінде 5 313 нысан сатып алынды, 2 080 үй салынды.

Барлық 9 147 өтініш берушіге жалпы көлемі 53,5 млрд теңгеге тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы берілген.