×

«Оның артында қаһарлы күш тұр»: Светқали Нұржан Мұхамеджан Тазабек туралы айтты (ВИДЕО)

Сауд Арабиясының қаржысымен «Асыл арна» деген телеарна ашты, дейді ол

Белгілі ақын Светқали Нұржан «Сұрауы бар» Youtube арнасында елдегі діни ахуал мен түрлі  ағымдар жайлы және Мұхамеджан Тазабекке не үшін шүйліккенін айтты. 

«Сауд Арабиясының қаржысымен «Асыл арна» деген телеарна ашып қойып, Назарбаевтың желеуімен, Сатыбалдының жебеуімен, Тілеухановтың демеуімен теріс үгіт жүргізген мен емес. Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың кесенесін, экранға отқа орап салды. Осының бәріне ол «мен осындай қате жібердім, вахаббизм деген улы идеяны қоғамға жүргіздермей қойып, менің жолыма бөгет болып, Назарбаевтың пәрменін пайдаланып Қожа Ахмет Яссауи жолының талқанын шығардым» деп ұлтының алдында ақталған жоқ. Мен бәрін әшкерелемей-ақ қояйын. Уақыт өзі әшкерелейді. Алдымызда басқа бір таң келе жатыр. Сол кезде ақиқаттың айнасы көрінеді. Сол айнаға қалай қарауды ойлау керек. Оның артында қаһарлы күш тұр ғой. Отыз жыл бойы көрдік. Алматыда қырғын салған, Сирия мен Иракқа кеткен, сақалы ұзын, ақылы қысқа, көзінің нұры сөніп кеткен, қара жамылып жүрген бауыр-қарындастарымыздың біреу жауабын беру керек қой», – деді ол.

Белгілі ақын Аймағамбетовтың «оқушыларға мектепке хиджаб киіп келуге рұқсат беру керек шығар» деген ойына қатысты пікірін айтты.

«Хиджаб кию мәселесіне түбегейлі қарсымын. Онда әлгі деструктивті ағымдардың құбыжық саясатын мойындау болады. Перзентін қара жамылдырып қойғанды қай ата-бабаңнан көрдің? Қазақта әр жастағы қыз баланың киетін киімі бар. Сәнді тақиясын кигізсін. Сосын қазақтың қызы мен әйелі мен жұтындырып орамал тақпайды. Бетімізді қанша ашып жүргенмен, Құдайдың алдында жүзіміз жарық халықпыз. Бірінші сананы тәрбиелеу керек», – деді Светқали Нұржан «Сұрауы бар» ютуб арнасына берген сұхбатында.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама