«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшының мәйіті табылды

Халық үні

Қайғылы оқиға Жамбыл облысында 18 қыркүйекте болған

Фото: altynalmas.kz

«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшы Нұрдәулет Нұрмахановтың мәйіті табылды. Бұл туралы компанияның ресми сайтында хабарланды.

Қайғылы оқиға Жамбыл облысында 18 қыркүйекте болған.

Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Алтыналмас АК» АҚ «Ақбақай» тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеген. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесары болды.

«Алтыналмас АК» АҚ қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындайды, - делінген ресми ақпаратта.

Айта кетейік, арнайы комиссия қайғылы оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтайды.