Полиция істі тергеп жатыр
Алматы облысында жантүршігерлік көлік апатынан 3 адам көз жұмды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Еңбекшіқазақ АПБ ЖПБ басшысының міндетін атқарушы Ержан Мұқанның айтуынша, көлік апаты биыл 21 қыркүйекте Талғар – Есік жолының 36-шақырымында болған.
Zeekr 001 жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып, Daewoo Matiz соғылған. Салдарынан оқиға орнында соңғы көліктегі 2 жолаушы көз жұмған. Daewoo Matiz жүргізушісі аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде есін жимастан қайтыс болды, - деді полиция өкілі.
Көлік апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Zeekr 001 жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.