Жыл басынан бері қалада 63 келі есірткі тәркіленді
Қостанайда есірткі сатқан студент 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған дейін полиция қалада есірткі таратумен айналысқан 2 адамды ұстаған болатын.
Polisia.kz мәліметінше, олардың бірі дене шынықтыру факультетінің 4-курсында оқыған. Олардың жалдамалы пәтерін тінту кезінде қызметкерлер 4 келіден астам синтетикалық есірткі (а-PVP) тәркіледі. Осылайша, полиция айналымға 15 мыңнан аса дозаның жіберілуіне жол бермеді.
Сондай-ақ үйден электронды таразылар, 240 мини-магниттер, электр таспасы, фольга және есірткіні орауға арналған басқа да құрылғылар табылды.
Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны – шамамен 100 млн теңге.
Есірткіні аса ірі мөлшерде таратқаны үшін сот үкімімен 2 айыпталушы 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, жыл басынан бері Қостанай полициясы 63 келі түрлі есірткіні тәркіледі.