300 мыңнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталығында тіркелді
Бағдарлама өткен жылы басталған
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мәліметі бойынша, 300 мыңнан астам ата-ана педагогикалық қолдау орталығында тіркелген, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұл орталықтар өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жұмыс істей бастады. Бағдарламаның басты басымдығы — балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайту, сондай-ақ позитивті ата-ана мәдениетін дамыту.