Halyq Uni логотип
×

Салтанат Нүкенованың анасы қызы туралы естеліктерін жариялады (ВИДЕО)

Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр, - дейді ол

 Халық үні 23.09.2024 | 08:20
Салтанат Нүкенованың анасы қызы туралы естеліктерін жариялады (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Экс-министр Қуандық Бишімбаев аяусыз ұрып өлтірген Салтанат Нүкенованың анасы Instagram-дағы парақшасына марқұм қызы туралы жан тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ол қызына деген сағынышын жазып, өздерін әлі күнге дейін қолдап келе жатқан жандарға алғысын білдірді.

Мен осы айлар бойы қызымның есімімен ұйықтап, оянып жүрмін. Салта әрқашанда менің ойымда және денемнің әр бөлшегінде өмір сүріп жатыр. Бізден үйіміздің жаны мен күнін тартып алды. Кеудедегі ауырлық қалған өмірімнің соңына дейін қала бермек. Астанада балаларынан айырылып қалған аналармен болған кездесуден соң менің Салтамның жаны жәннатта екеніне тағы да көзім жетті. Жеп-жеңіл көйлек киген ол әкесі және маған, ағасына ары қарай да өмір сүруімізге сол жақтан көмектесіп тұрады. Кездесулерде адамдар қасыма келіп құшақтап, біздің отбасымызды және Салтаны жақсы көретіндерін айтады. Сіздердің қолдауларыңызға алғысымды білдіремін. Әлі күнге дейін қолдап келесіздер, - деп жазды анасы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама