Алматы полиция түнгі барда атысқан күдіктілерді іздеп жатыр

Халық үні

Жанжал бейтаныс адамдар арасында болған

фото: tengrinews.kz

Алматыдағы Жандосов пен Гагарин көшелерінің қиылысындағы «Мята» ойын-сауық орнында атыс болды. Оқиға орнына полиция, жедел жәрдем, медициналық сарапшылар барды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атыс туралы ақпарат әлеуметтік желіде жария болды. Көшеде өтіп бара жатқан адамдардың айтуынша, алғашында төбелес болып, арты атысқа ұласқан. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасының қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Күдіктілерді ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының кешені өткізіледі. Алдын ала мәліметтер бойынша, жанжал бейтаныс адамдар арасында болған, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Әзірге бұл оқиғаға қатысты басқа мәлімет жоқ.