Halyq Uni логотип
×

СҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ әйел зейнеткерді қағып өлтірді

Әйелдің өзі жүкті деген сөз бар

 Халық үні 22.09.2024 | 21:29
СҚО-да жүргізуші куәлігі жоқ әйел зейнеткерді қағып өлтірді
фото: Halyq Uni

СҚО-ның Шал ақын ауданына қарасты Сергеевка қаласында 30 жастағы әйел куәлігі жоқ көлігімен 66 жастағы зейнеткерді қағып кетті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жәбірленуші Шал ақын ауданының аудандық ауруханасына жеткізілді. Алайда ол алған ауыр жарақаттары салдарынан қайтыс болды.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» бабы бойынша соталды тергеу басталды. Тергеу жалғасып жатыр, - деп хабарлады полиция.

Бейресми мәліметтер бойынша, жол-көлік оқиғасын жасаған әйел жүкті көрінеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама