Абай облысында есірткі жарнамалары жойылды

Қымбат Елтайқызы

Бұл өңір де нашақорлықпен күресті күшейтіп жатыр

фото: polisia.kz

Абай облысында есірткі жарнамасы бейнеленген 200-ден астам граффити өшірілді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Абай облысында өткен «Есірткіге жол жоқ!» атты акцияға 600 адам қатысып, қоғамның есірткі қылмысына қарсы күресте бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Акцияны облыстың тәртіп сақшылары шығысқазақстандықтардан қабылдады.

Полицейлер, прокуратура және білім беру мекемелерінің өкілдері студенттермен кездесу өткізіп, есірткімен күресудің және жастардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың қаншалықты маңызды екенін айтты, – делінген ақпаратта.

Акцияның басты элементтерінің бірі – есірткіні жарнамалайтын 206 жазуды өшіру болды. Бұл Семей көшелерін тазартуға айтарлықтай үлес қосты. Акцияға белсенді түрде қатысқан студенттер өз қаласының жағдайын жақсартуға мүмкіндік ретінде бұл шараға үлкен қызығушылықпен атсалысты. Ерекше назар оқу орындары маңындағы аймақтарға аударылды. Өйткені мұндай жазулар көбінесе сол жерлерде болады.

Мұндай шаралар есірткі қылмысының деңгейін төмендетуге ғана емес, әртүрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды бір мақсат – қаланы қауіпсіз әрі таза ету жолында біріктіруге көмектеседі.