Төтенше жағдайдың алды алынды
Қызылорда облысының өрт сөндірушілері газ баллон жарылысына жол бермеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жалынды сөндіріп қана қоймай, жеке тұрғын үйлердің аумағында оттан 7 газ баллонын шығарды. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ азаматтардан от қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Жалын кезінде 112 нөміріне хабарлау қажет.