×

Қарағанды жолдарында блок-бекеттер қойылды

Олардың не үшін қойылғаны белгілі болды

 Қымбат Елтайқызы 22.09.2024 | 12:29
фото: polisia.kz

Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, мал ұрлығының алдын алу және оған тосқауыл қою мақсатында Қарағанды облысының тасжолдарында 18 жылжымалы блок-бекет қойылды. Тәртіп сақшылары аталған бекеттерде мал және ет өнімдерін тасымалдаушыларды тоқтатып, құжаттарының белгіленген талаптарға сай болуын тексереді.

Жыл басынан бастап облыс аумағында 25 мал ұрлығы тіркеліп, оның 18-і ашылды. Мәселен, өткен аптада Бұқар жырау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері аудан тұрғынының құны 1 миллион тұратын Голштейн асыл тұқымды ірі қарасын ұрлаған күдіктілерді ұстады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүріп жатыр, – делінген ақпаратта.

Сақшылардың айтуынша, аталған блок-бекеттер ерекше үкімге дейін жұмыс атқарады. Мал ұрлығының басым бөлігі еркін жайылымнан болса, кейбір жағдайда мал иесі төрт түлігінің қай уақытта жоғалғанын білмейтін кездер болады. Полицейлерге жайылымнан мал жоғалу бойынша 17 арыз түсіп, жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында 106 мал, яғни 56 жылқы, 12 ірі қара мал, 38 ұсақ мал табылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама