Талғардағы демалыс аймағында өрт шықты
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Алматы облысының өрт сөндірушілері демалыс аймағындағы отты сөндірді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Талғар ауданы Рысқұлов ауылындағы демалыс аймағы аумағында монша жанды.
120 шаршы метр алаңдағы жалын толығымен ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ, – деп қосты ведомство.
Мамандар «төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыздар» деп ескертті.