Осылайша, елді мекен желегі мол шаһарға айналады
Биыл елордада бір миллионға жуық жасыл желек, атап өтсек, ағаштар, бұталар, көшеттер мен тағы басқалар отырғызылады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, қазірдің өзінде оның біраз бөлігі егілген.
Бас қалада Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) және «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында жалпықалалық ауқымды сенбілік өтті. Барлық ауданда саябақтар, скверлер, аулалар тазартылып, қайың, емен, шырша, қарағай, сирень сияқты қылқан жапырақты және жапырақты 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.