АҚШ пен Еуропа қазақтары да тарихи Отанына оралғысы келеді
«Ата жолы» картасына 31 маман, 26 кәсіпкер қол жеткізген
Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбілхатин елімізде инвестиция үшін жаһандық бәсекелестік жағдайында этникалық қазақтарды тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.
«Ата жолы» картасын алушылардың географиясы кеңейіп, қазір Ресей, Германия, Қытай сияқты дәстүрлі елдерге АҚШ пен Еуроодақ мемлекеттері қосылды. Батыста тұратын этникалық қазақтардың да тарихи Отанына оралуға ұмтылатыны белгілі болды.
«Ата жолы» картасы сұранысқа ие мамандықтары бар этникалық қазақтарға немесе Қазақстанда өз дағдыларын дамытқысы келетін табысты бизнес істеріне арналған. Бүгінде оны 57 адам алды. Оның ішінде 31 маман, 26 кәсіпкер бар. Карта иелерінің көпшілігі Астана мен Алматыда тұрады.