Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында әйел туған қызын зорлап жүрген күйеуіне кешірім берген

Ол күйеуі енесінің үйінде тұратынын айтқан. Алайда оның үйге қайтып келгені белгілі болды, - дейді ерікті

 Халық үні 21.09.2024 | 20:12
Алматы облысында әйел туған қызын зорлап жүрген күйеуіне кешірім берген
фото: Halyq Uni

Алматы облысында 15 жастағы қызды туған әкесі зорлап келген. Қыздың анасы еріктілерден көмек сұрап, күдікті қамауға алынған болатын. Алайда артынша әйел күйеуін кешіріп, зорлық жағдайын жылы жауып қоя салған, деп хабарлайды Halyq Uni «Время» басылымына сілтеме жасап.

Қыз өзін бірнеше жыл бойы әкесі зорлап келгенін мойындады. Оқиғаға еріктілер тартылып, олар заңгерлермен, балалар омбудсмендерімен және полициямен байланысқан.

«Әділ» қоғамдық қорының жетекшісі Оксана Маралова оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Анасы мен қызы отбасында өрескел әрекет болғанын мойындап, қордан көмек сұраған.

Бұл – көпбалалы отбасы. Зардап шеккен қыз – үйдің үлкені. Анасы үйде болмаған кезде қыз өзінен кішілерге қарап, үйде жиі қалатын болған. Соңғы рет келіншек Бішкекке кетер кезде қызы «Кетпеші, әкем мені тағы да ренжітеді» деп анасына жалыныпты, – дейді Оксана Маралова.

Анасы оқиға туралы қоғам белсендісіне айтып берген.

Қызым көптен бері қорқып, айта алмай жүргенін, айтуға оқталғанда әкесі жанымызға келіп алатынын айтты. Әкесімен жалғыз қалмау үшін үнемі далаға шығып кетуге тырысады. Білсем, дереу арыз жазар едім. Бірақ ол мені де ұрып-соғуы мүмкін, – дейді әйел.

Оның айтуынша, қызға қатысты алғашқы зорлық-зомбылық оқиғасы 5 жасында болған көрінеді.

Қызын шешіндіріп, зорлап, «біреуге айтсаң, сені және анаңды өлтіремін» деп қорқытқан. Мас кезінде де, сау кезінде де зорлық жиі қайталанып отырған. Тіпті отбасындағы кіші қыздар да оқиғаның куәсі болыпты, – дейді Оксана Маралова.

Тіпті, қыздардың оқиғаның қалай болғанын айтып берген аудиосы да бар. Зардап шеккен қыздың сіңлілерінің бірі әкесінің әрекетін еске сақтап қалыпты.

Мен ұйықтап жатқанмын, әкем Мәрзияға (аты өзгертілді) жақындағанда ояндым. «Тұр» деді. Ол тұрғысы келмеді. Әкем оның шалбарын шешіп, қабырғаға тіреді. Сосын шешініп, төсекке жатқызды. Ол жылады, әкем «Ауызыңды жап» деді» делінген аудиода. Осыдан кейін әкесі қыздың үстіне жатып, көрпе жамылып алған, – дейді «Әділ» қоғамдық қорының жетекшісі.

Қыз не достарына, не мұғалімдеріне, не мектеп психологына шағымданбаған. Ересектердің ешқайсысы, оның ішінде өз анасы да оның мінез-құлқындағы өзгерістерді байқамапты.

«Әкеңнің жазаланғанын қалайсың ба?» деген еріктілердің сұрағына «Мен мұның тоқтағанын қалаймын» деп жауап берген қыз.

Қоғам белсенділері арыз жазу үшін Алматы облысының Іле аудандық полиция бөліміне барған. Сол жерде қызбен психолог сөйлескен. Психолог оның оқиғаны нақты айтып бергенін, шындыққа жанасатынын түсіндірді.

Полицейлер күдіктіні ұстады.

Алғашқы зорлық-зомбылық оқиғасы Алматының Алатау ауданында болған. Келесі күні қызға сараптама жасалуы керек болатын. Алайда анасы телефонын алмай қойған.

Таңертең мен қыздың анасына қоңырау шала бастадым, телефоны сөндірулі болды. Қызға хабарластым. Ол анасының полицияға кеткенін, өзі үйде кішкентайларға қарап қалғанын айтты. Келіншек арызды алу үшін енесімен бірге полицияға барған. Оның күйеуін кешіргенін түсіндім. Ер адамға тағылған айыптар алынып тасталып, ол босатылған. Бастапқыда күйеуінің енесінің үйінде тұратынын, қызына жақындамайтынын айтқан. Алайда күйеуінің үйге қайтып келгені белгілі болды, – дейді Оксана Маралова.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама