Жуырда тағы бір қыз биіктен секірген еді
Әлеуметтік желіде 12 жастағы қыз 13-ші қабаттан секіріп кетті деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Желідегі жазбаға сәйкес, оқушы қосымша сабаққа шыққан. Алайда ол 13-ші қабатқа көтеріліп, секіріп кеткен.
Полиция департаменті бұл мәліметті растады.
Бұл дерек бойынша Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр, – дейді ПД өкілдері.
Тәртіп сақшылары оқушы «Синий кит» ойынын ойнады деген деректі жоққа шығарды.
Бұған дейін Алматыда жасөспірімнің 13-қабаттан секіргені жайлы жазған болатынбыз.