Halyq Uni логотип
×

Бұл елде иттің өмірі баланың өмірінен қымбат па? Мектеп директоры оқушының өлімінен соң депутаттарға сын айтты

Ақтөбеде 12 жасар мектеп оқушысының өлімі қоғамда қызу талқыланып жатыр

 Халық үні 11.06.2022 | 16:39
Бұл елде иттің өмірі баланың өмірінен қымбат па? Мектеп директоры оқушының өлімінен соң депутаттарға сын айтты
Фото: ашық дереккөздерден

Ал жануарға таланып, мерт болған оқушы білім алатын №60 мектептің директоры Абзал Тәжімішев бұл оқиғадан басшылық сабақ алу керек екенін ескертті, деп хабарлайды Диапазон газеті.

"Біз баланың денесі табылды деген соң, оқиға орнына бардық. Мені ол жерге жіберген жоқ. Содан соң сынып жетекшілеріне  оқушылардың үйде бар-жоғын тексеруді тапсырдым. Нәтижесінде бір баланың үйінде жоқ екені анықталды. Ал таңертең итке таланған бала біздің мектеп оқушысы екені расталды. Ол үшінші сыныпта оқитын еді", - дейді директор.

Ол иттерді атуға тыйым салатын заңды қабылдаған халық қалауларын сынға алды.

"Бұған дейін де бір оқушыны ит қауып алған. Бірақ 2022 жылғы 18 ақпанда қабылданған заң бар екен. Оған сәйкес, иттерді атпай, арнайы паналарға орналастыру керек. Осының салдарынан жергілікті атқарушы органдар да ештеңе істей алмай отыр. Біз Еуропа емеспіз ғой?! Ит түгілі, адамдарға жағдай жасай алмай отырмыз. Мұндай заң қабылданған екен, ендеше, орындалуын да талап етсін. Иттерге арналған пана жасалсын, сонда тоғытсын бәрін. Материалдық және қаржылық жағын реттемей жатып  заң қабылдайды. Мұны қалай түсінеміз? Марқұм оқушының атасы айтқандары есімнен кетер емес.  "Бұл елде иттің өмірі баланың өмірінен қымбат па?", - деп сұрады ол. Заң қабылдаған соң, оны орындау қажет", - дейді Абзал Тәжімішев.

Еске сала кетейік, Ақтөбеде 12 жасар баланың денесі табылған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама