Астанада Бараев көшесі жабылды
Тағы бір көше жабық тұр
Елордада А.Бараев пен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Бараев пен Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында жол төсеміне жөндеу жүргізілетінін жеткізді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.
Осыған байланысты 21-22 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте көлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады, – деп қосты ведомство.
Астанада тұрғындары және қонақтары жолдарда кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.