Halyq Uni логотип
×

Елордада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр

Ауқымды шараға тұрғындар қатысуда

 Қымбат Елтайқызы 21.09.2024 | 12:06
Елордада жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр
фото: Астана әкімдігі

Астанада ауқымды жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бүгін елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы және Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day) аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтіп жатыр, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

Оған қала тұрғындары, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері (базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, кафелер, мейрамханалар және т.б.), еріктілер, мәслихат депутаттары мен үкіметтік емес ұйымдар, мәдениет және спорт қайраткерлері, МИБ (ПИК) және басқалар қатысуда, – деп қосты ведомство.

Экоакция аясында қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, кварталішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау және т.б., сондай-ақ жасыл желектерді күтіп-баптау және отырғызу бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және т.б. өткізіледі.

Тұрғындар тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосып жатыр. Тұрғындар отбасыларымен және ұжымдарымен бірге қаланы тазалауға шықты.

Экологиялық акция барысында бес ауданда екі мыңнан астам жасыл желек отырғызылады, – деп толықтырды әкімдік.

Атап өтсек, елордада Taza Astana жаңа әлеуметтік жобасы өтіп жатыр. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының кірме жолдарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама