Halyq Uni логотип
×

Энергетика министрі: «Электр энергиясы қымбаттайды»

Энергетика министрі Болат Ақшолақов электр энергиясы қымбаттауы мүмкін екенін айтты

 Халық үні 11.06.2022 | 15:48
Энергетика министрі: «Электр энергиясы қымбаттайды»
Фото: ашық дереккөздерден

«15 маусымда біз болжамдық көрсеткіштерді көтерме бағамен орналастырып, 1 шілдеде бекітуіміз керек. Көмірдің қымбаттауына, көлік шығындарының өсуіне байланысты тариф те өсетінін айта кету керек», - деді брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

Оның айтуынша, энергожүйеде жұмыс істейтін адамдардың жалақы мәселесі де бар. Жалақы төмен болса, мамандар тұрақтамайды. Осының бәрі тарифтің өсуіне ықпал етеді.

«Жалпы тарифтердің өсуі үш фактормен байланысты. Нақты қаншаға қымбаттайтынын айту қиын», - деді  министр.

Сондай-ақ ол майнерлер үшін жоғарылатылған тариф енгізу жоспарланып отырғанын да атап өтті.

«Біз сараланған тариф енгізуді ұсынып отырмыз. Таза экспортқа бағытталған кәсіпорындар бар. Біз мұндай компаниялар жоғары, ал халық азырақ төлесе әділетті болар еді деп есептейміз. Сондай-ақ, әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасы бар», – деп қорытындылады Ақшолақов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама