Halyq Uni логотип
×

Аягөздегі офицердің өлімі: Қорғаныс министрлігі күтпеген мәлімдеме жасады

Марқұм 2 жыл әскерде қызмет етуге міндетті болған

 Дәурен Ерболат 20.09.2024 | 17:41
Аягөздегі офицердің өлімі: Қорғаныс министрлігі күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: Halyq Uni

Аягөз гарнизонында өзіне қол салған офицер әскери өмірдің қиындығында көріп үлгермеді. Бұл туралы Қорғаныс министрінің Тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Бұл офицер 2 жылға әскерге шақырылды. 6 қыркүйекте ол гарнизондағы қаржы бөліміне офицер болып тағайындалды. Көшіп келуіне байланысты берілетін арнайы (подъемный) төлемдер, жалпы барлық ақша төленды. Жұмыстан кейін өзінің үйіне барып, сондай әрекетке барды. Оның (әскерге) келгеніне көп болмады. Сондықтан ол әскери қызметтің қиыншылығын да көріп үлгермеді деп ойлаймын. Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатқандықтан басқа ақпарат айта алмаймын, - деді Шайх-Хасан Жазықбаев.

Бұған дейін Аягөзде әскери қызметкер көз жұмғаны хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама