Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды
Кеше Ақмола облысы Целиноград ауданында алаяқтықпен байланысты 47 оқиғаға қатысы бар іздеудегі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылы тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы олардың 90 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.
Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.
Жасаған қылмысы үшін оның мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.