×

Ақмола облысында тұрғындардың қомақты қаржысын қолды қылған алаяқ ұсталды

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды

 Динара Амантай 20.09.2024 | 16:28
Фото: Halyq Uni

Кеше Ақмола облысы Целиноград ауданында алаяқтықпен байланысты 47 оқиғаға қатысы бар іздеудегі ер адам ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтарынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылы тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы олардың 90 млн теңге көлеміндегі қаражатын иемденген.

Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Жасаған қылмысы үшін оның мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама